Абай мұрасы – әлемдік қазына. Елордада ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында Абайдың әдеби мұрасының мәні түсіндіріліп, жастар кемеңгер ойшылдың философиясын бойына сіңірді.
Шара барысында Абай тұлғасының әлемдік мәдениеттегі орны мен рөлі де сөз болды. Конференцияға белгілі ғалымдар, өнертанушылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жақын шет елдерден келген студенттер мен оқытушылар қатысты.
Фариза Мұсақызы