Шенеуніктің кесірінен сергелдеңге түскен кәсіпкердің мәселесі шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктің кесірінен сергелдеңге түскен кәсіпкердің мәселесі шешілді

21.11.2019

Шығыс Қазақстанда кәсіпкер екі жыл бойы ала алмаған құжатқа екі айда қол жеткізді. Құм-қиыршықтас кен орнын игеруге лицензияны мемлекеттік органдар түрлі желеумен бермей, өтініш иесін Өскемен мен Семей қаласының ортасында сабылтып қойған. Сергелдеңге түсіп, шығынға әбден батқан серіктестік директорына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері көмектескен. Олар «Бизнесті және инвестицияны қорғау» жобасы аясында кәсіпкерге құқықтық қолдау көрсетіп, лицензиясын алуға жәрдемдесті. 

Облыс бойынша аталған жоба аясында осы күнге дейін барлығы 19 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Ал оларға заңсыз талап қойып, өз міндеттерін дұрыс атқармаған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу