НАТО ғарышта үстемдік етпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО ғарышта үстемдік етпек

21.11.2019

НАТО келешекте ғарышта әскери үстемдік етеді. Ол Қытай қарулы күштері айбынының артуын жіті бақыламақ. Мұндай стратегияны Солтүстікатлантикалық альянс елдерінің қорғаныс министрлері Брюссельде өткен кездесуде жариялады.

Бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон осы одақтың «миы өлді» деп мәлімдеген еді. Сонымен қатар, НАТО-ның мүшесі – Түркия Ресеймен байланысын нығайтып жатса, АҚШ президенті Дональд Трамп пен альянстың қатынастары шиеленісіп тұрады. 

Министрлер осы кездесу арқылы НАТО-ның «қырғи-қабақ соғыстың» сарқыншағы еместігін және ол Еуропаны Ресей қаупінен қорғауға қауқарлы екенін көрсетуді мақсат тұтқан. 

Айта кетсек, қазір ғарышта Ресей мен Қытайдың белсенділігі артып келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу