Германияның бұрынғы президенті Рихард фон Вайцзеккердің ұлы Фриц фон Вайцзеккер дәріс барысында кісі қолынан қаза тапты. Белгілі дәрігерді Берлин емханаларының бірінде баяндама оқып тұрғанда бәз біреу пышақтап кеткен. Аудиторияда отырған ер адам шабуылдаушыны тоқтатуға тырысқан. Алайда, өзі ауыр жараланып, ауруханаға түсті.
Полиция оқиға бойынша күдіктіні тұтқындады. 57 жастағы Германия азаматының мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
59 жастағы Фриц фон Вайцзеккер 2005 жылдан бері Schlosspark-Klinik мекемесінің бас дәрігері болып қызмет атқарған.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ