Тарих қайта жазылып, оқушылар жаңа оқулықпен білім алмақ. Бүгін еліміздің ғалымдары қазақ елінің бастан кешіргендерін қайтадан жазуға себеп болатын құнды мағлұматтардың табылғанын мәлімдеді.
Елордада өтіп жатқан «Еуразия тарихының мұрасы: көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихи сабақтастығы» атты халықаралық конференцияда бұл мәселе жан-жақты талқыланып жатыр. Тарихшылар Қытай, Ауғанстан, Иран, Венгрия, Польша, Ресей секілді оннан астам елдің мұрағатында болып, бұрын-соңды жарияланбаған эксклюзивті материалдарды тапты.
Досжан Маратұлы