Австралияда орман өрті әлі қаулап жатыр. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, 100-ден астам мектеп жабылған. Оңтүстік Австралия штатында сан мың адамға қатер төніп тұр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, тілсіз жау 6 адамның өмірін жалмап, 500-дей үй мен 1 миллион гектар егістік алқабын күлге айналдырған.
Өрт ошақтары көбейіп кетпеу үшін жергілікті үкімет 10 мыңдай үйге электр қуатын беруді тоқтатты. Сонымен қатар, ауаның температурасы 42 градусқа дейін ысып, екі штатта төтенше жағдай жарияланды.
Арыстан Рысбек