Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы табысталды

19.11.2019

Сыр өңірінде Шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Биыл үшінші мәрте өткізілген республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен аса үміткер өтініш білдірген. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қазақтың даңқты перзентінің туған жері Қазалыда өтті.  

Жылдан жылға республикалық байқауға қатысушылардың саны артып келеді. Биыл 70-тен аса өтініш түсіпті. Арнайы комиссия алқасымен 30 талапкердің еңбегі жоғары бағаланып, Ғани Мұратбаев сыйлығына лайық деп танылды. Жеңімпаздарға Ғани Мұратбаев атындағы төсбелгі табысталды.

Елдік мұратта ісімен үлгі-өнеге көрсетіп жүрген бір топ қазақ жастары осылайша Ғани Мұратбаевтың бүгінгі ізбасарлары деген абыройлы атқа ие болды. Осындай мәртебеге бөленген жас көшбасшылар сенімді ақтауға ниетті.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу