Таразда оқушы зәбір көрген № 6-мектептің бес қызметкері жұмыстан қуылды. Олардың арасында мектеп директоры мен орынбасарлары сондай-ақ, сабағынан сұранып кеткен физика - математика пәнінің мұғалімі мен кезекші педогог бар. Ал азғыннан қорлық көрген оқушыға жан-жақты психологиялық көмек көрсетілуде. Әзірге қыз баланы мамандар үйде оқытады. Құқық қорғау органдары тергеп- тексеруді жалғастырып жатыр.
Қазір Парламентте қылмыстық кодекс қайта қаралып жатыр, ана мен балаға зәбір көрсеткендерге қатысты жаза қатаңдатылады. Әсіресе балаға зорлық көрсеткендерді өмір бойына бас бостандығынан айыру және қылмыскерге кешірім бермес үшін «өзара келісімге келуге болмайды» деген бапты енгізу көзделіп отыр.
«Мұндай жағдай болғанда ешкім үнсіз қалмауы керек»,- дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ