Алматы облысында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары өтті. Пилоттық жоба Ақсу ауданында ұйымдастырылды. Ақсу аудандық партия филиалында 51 кандидат тіркеліп, оларға тек қана партия мүшелері дауыс берді. Ауданда 3,5 мыңнан астам партия мүшесі болса, іріктеудегі белсенділік 98 пайыздан асты.
Айта кетейік, мұндай іріктеу еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр.
Қуаныш Қанатұлы