Қытайдың көмір шахтасында жойқын жарылыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы тоғызы жараланған. Оқиға елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясында дүйсенбі күні түскі уақытта болған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, апатқа газдың тұтануы себепші.
Тергеу жалғасып жатыр. Оның алғашқы қорытындысына қарағанда, жарылыс кезінде кеніште 35 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың кейбірі жер бетіне аман шығарылды.
Арыстан Рысбек