Қос қаламгерге құрмет. Ақтөбеде ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтің 85 жылдық мерейтойларына арналған еске алу кеші өтті.
Әдеби кешті Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әртістері қаламгерлердің шығармаларының желісі бойынша дайындалған қойылыммен ашты. Шараға Сағи Жиенбаев пен Тобық Жармағамбетовтің туыстары қатысты. Сондай-ақ, елге белгілі ақын-жазушылар да келіп, естеліктерімен бөлісті.
Жақсыбек Кемал