Қостанай облысындағы ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

19.11.2019

Қостанай облысының Федоров ауданына қарасты Камышин ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Емдеу мекемесі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген.

Құрлысқа қажетті 63 млн теңгені Камышин ауылына қарасты шаруашылықтар бөліпті. Жалпы көлемі 312 шаршы метр болатын ғимараттың кіреберісінде тіркеу орны мен дәріхана орналасқан. Сонымен қатар емшара кабинеттері, күндізгі стационар, зертханалық бөлме жұмыс істейді. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу