Қарағанды облысындағы көпқабатты үйлердің барлығы 2021 жылға дейін толық жеделсатымен қамтылады. Облыс әкімдігі және «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ екіжақты келісімге қол қойды.
Қанатқақты жобаны іске асыруға 2 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Қазір Қарағанды облысының 8 қаласында шамамен 361 лифт жұмыс істемейді. Ал 800-ге жуық жеделсатының кепілдік мерзімі әлдеқашан аяқталған. Мамандардың айтуынша, әр лифтінің құны - шамамен 8 миллион теңге.
Руслан Нұрланұлы