Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысынан кейін журналистерге жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының қандай болатынын айтты.
«Жаңа жыл алдында монополияға қарсы орган жұмыс істеуде. БАҚ-тан көруге болады, өткен айдан бастап әртүрлі бизнес құрылымдар баға негізділігі туралы хабарлама алды. Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган мәліметтермен жұмыс істеп, соның негізінде белгілі шаралар қабылданады. Біздің мақсат – бағаның негізсіз өсуіне, нарық келісіміне жол бермеу. Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бойынша жұмыс істеп жатыр. Аталған министрлік шекті баға қою жүйесін енгізген, бағаны шектен тыс өсірген жағдайда министрлік пен әкімдіктер тиісті шара қабылдауға құқылары бар», - деді ол.
Сондай-ақ министр бағаны негізсіз көтерген бизнес өкілдері жазаланатынын айтты.
elorda.info