Елімізде бір аптада 5 жеке тұрғын үйде жарылыс болды. 7 адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. 1 және 3 жастағы екі бүлдіршіннің денесінің 15-20 пайызын күйік шалған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.
Көп жағдайда тұрғындар газ құрылғысын орнату ережелерін сақтамайды, от жағатын пешті іске қосу талаптарын ескермейді. Сондықтан қазір төтенше жағдай қызметінің мамандары үй-үйді аралап, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қатаң қадағалауда.
Ақерке Берікбекқызы