Қызылжарда 530 орындық көпсалалы аурухана тұрғызылады. Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Асқар Мамин орталықтың қазығын қалау рәсіміне қатысты. Жаңа өндіріс ошақтары мен әлеуметтік нысандарды да аралап, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысымен танысты. Жалпы, биыл теріскейде өндіріс көлемі былтырғымен салыстырғанда 1 пайызға артып, 193,8 миллиард теңгеге жетті.
Асқар Мамин Тайынша ауданындағы BioOperations зауытында крахмал мен глютен шығаратын желіні іске қосты. Бұл кәсіпорын келесі жылдан бастап жылына 36 мың тонна биоэтанол шығаруды жоспарлап отыр.
Қызылжарда сонымен қатар жылына 6 тонна сабын шығаратын тұрмыстық химия зауыты ашылды. Енді сырттан импортталып келген сабын гранулаларын өзімізде жасауға болады.
Премьер-Министр өңірдің ірі өндіріс ошақтарында да болды.
Сағындық Сәбитұлы