Алматыда білім сапасын арттыру мәселесіне қатысты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда білім сапасын арттыру мәселесіне қатысты жиын өтті

18.11.2019

Алматы облысында биыл 7 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды. Бұл туралы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының мамандары айтты.

«Білім беру жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты жиынға Мәжіліс пен мәслихаттың депутаттары, білім беру ұйымдарының өкілдері мен мұғалімдер қатысты. Олар еліміздегі білім саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, оңтайлы шешу жолдарын ұсынды. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу