Шымкенттік жастардан жалдамалы пәтерге құжаттар қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік жастардан жалдамалы пәтерге құжаттар қабылданады

18.11.2019
Шымкенттік жастардан жалдамалы пәтерге құжаттар қабылданады

Шымкент әкімдігі жұмысшы жастарға арналған жалдамалы баспанаға құжаттар қабылданатынын хабарлады.

Жалдамалы пәтерге құжаттар қабылдау 25 қарашадан басталып, 29 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, өтініш берушінің жасы 29-дан аспаған және штаттық жалақысы ұстап қалатын салықтарын қоса алғанда 101 мың теңгеден кем болмауы керек. Соңғы екі жылда қалада тіркеуде тұруы тиіс. Отбасылы, балалы болса, соның бәріне балл қосылады. Баспана 5 жылға жалға беріледі.

Құжаттар Шымкенттегі Республика даңғылы 12а мекенжайында қабылданады.

otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу