Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың онлайн аударымдарға салық салу туралы сұрақты көтермеуге тапсырма бергенін хабарлады. Ал азаматтар соңғы аптада осы тақырыпқа орай қатты уайымдаған. Себебі санаулы секундтарда ақша аудару мүмкіндігі шынында өте қолайлы процесс. «Сондай жеңіл, ыңғайлы, тез және комиссиясыз аударымдарға салық салу деген не сұмдық?»- деген жұртшылық. Елдің наразылығынан кейін осы аптада Қаржы министрі Ә.Смаилов түсініктеме берді. «Қаржы министрлігі ондай аударымдарға салық салуды немесе қосымша ақы алуды жоспарлап отырған жоқ»,- деді министр. Жеке тұлғалардың онлайн аударымдары тексерілмейді. Ал кәсіпкерлер мөлдір жұмыс істеуі керек, онлайн аударымдар кәсіпкерлерді салық төлеу міндетінен босатпайтындығын айтты министр. Кәсіпкерлердің көрсеткен қызметі мен тауарына ақыны онлайн аударымдар арқылы алып, оған салық төлемейтіндері жеке зерттелетінін айтқан. Дегенмен, онлайн аударымдардан ақша түсетін кәсіпкерлерді қалай анықтайды, нақты механизмі әлі айтылған жоқ. Бастысы, төлейтін несиесі барлардың, былайша айтқанда «бес-он теңге» аударымын «шам» жағып тұрып санау дегеннің болмайтыны...