Ержан Максим «Балалар Евровидениесіне» қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Максим «Балалар Евровидениесіне» қатысады

15.11.2019

Ержан Максим «Балалар Евровидениесіне» қатысатын болды. Ол бүгін өзінің байқау алдындағы дайындығы туралы журналистерге баяндады. Бұған дейін талай байқауда топ жарған әнші, осы жолы да жүлделі орыннан үмітті. Өзінің мойнына артылып отырған үлкен жауапкершілікті де сезінеді. Evrovision халықаралық балалар ән байқауы 24-ші қараша күні Польшаның Гливица қаласында өтеді. Он тоғыз елден өнерпаз қатысады. Жеңімпазды халық дауыс беру арқылы анықтайды.

Ержан Максим, әнші:

Менің қазіргі дайындығым өте кермет. Қазақстан елі атынан өнер көрсететіндіктен қобалжу бар. Көреміз енді не болатынын. Құдай қаласа...

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу