Иранда жанармай тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жанармай тапшы

15.11.2019

Иранда жанармай бағасы өсіп, ол мөлшермен сатыла бастады. Үнемдеуден түскен қаржы мұқтаж отбасыларға көмек ретінде берілмек. Мемлекеттік қолдау мен ұлттық валютаның әлсіреуі Иран бензинін әлемдегі ең арзан жанармайға айналдырды. Бірақ кейінгі кездері сол отынды көрші елдерге контрабандалық жолмен сату фактілері жиілеп кеткен. Және мұнай өңдеу зауыттарын қосымша бөлшектермен қамтамасыз етіп, өндірісті арттыруға халықаралық санкциялар мүмкіндік бермей отыр. Жаңа ережеге сәйкес, бір литр бензиннің бағасы 10 мың риалдан 15 мыңға дейін көтерілді. Сонымен қатар, әр жекеменшік көлікке айына 60 литр ғана жанармай сатылады.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу