Теріскейлік Ирина Фадина өзінің еңбекқорлығымен жерлестеріне үлгі болып жүр. Былтыр мемлекеттің қолдауымен несие алып, мал шаруашылығына бет бұрды. Өзі ғана емес, балаларын да еңбекке баулиды. Бұған қоса ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 сәбиді бауырына басып, аналық мейірімін төгіп жүр.
Фадиндер отбасы жуырда дүкен ашпақ. Өздері жасаған ет-сүт өнімдерін сатуды жоспарлап отыр. Осылайша бірлігі бекем отбасы кәсіптерін кеңейтіп, тұрмыстарын жақсартуды жоспарлайды.
Сағындық Сәбитұлы