Отандық дәрігерлер Қырғызстанда шеберлік сабақтарын өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық дәрігерлер Қырғызстанда шеберлік сабақтарын өткізуде

15.11.2019

Отандық дәрігерлер көрші елдегі әріптестерін үйрете бастады. Медицинаның жетекші мамандары Қырғызстанға арнайы барып, шеберлік сыныптарын өткізіп жатыр. Әрі тұрғындарға тегін кеңес беріп, ем-дом көрсетуде. Қырғызстанда Қазақстанның медицина күндері басталды. 

Шара аясында медициналық туризмді дамыту, онкологияда заманауи ядролық технологияларды қолдану, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы көмек көрсетуді дамыту, саланы цифрландыру сияқты мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланады. Осы мақсатта Қазақстаннан 100-ден астам делегат арнайы барды. Сондай-ақ шара аясында ұзын саны 18 меморандумға қол қойылады.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу