Алматыда қараша айының соңына дейін жұмыс істейтін 249 жасқа жалдамалы баспана беріледі. Қазанның 30-ы мен қарашаның 12-і аралығында өткен байқауға 1200-ден астам үміткерден өтініш түскен.
40 шаршы метр болатын тұрғын үйлер Алатау ауданына қарасты Көкқайнар шағын ауданында орналасқан.
Сонымен қатар, әкімдіктегілер жыл соңына дейін 29 жасқа толмаған жастарға жалпы 1050 жалдамалы пәтердің кілтін табыстамақ. Алғашқы баспаналарға кімдердің ие болғаны әзірге белгісіз. Өйткені әкімдіктегілер қазір кімнің балы жоғары екенін есептеп жатыр.
Алмат Әбдіраман