Елордада көмір қоры жеткілікті. Бүгінде қаладағы көмір қоры 14430 тоннаны құрайды. Ең арзаны - тоннасына 8500 теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қатты отын мына мекенжайларда сатылып жатыр: Герцен 4/1, Герцен 6Б, Герцин 6/2, Көктал 28/1, Жұбанов 35, Дулатов 182/1, Литейная 44, Дулатов 182/1 Бетон орталығы, Мақат 40А, Литейная 44, 40-шы станция.
Ал көмірдің бағасы төмендегідей:
Қаражыра (сорт) – 12700 тг;
Қаражыра (тұтынушылық) – 12000 тг;
Қаражыра (3 сорт) – 11000 тг;
Богатырь – 8500 тг;
Майкөбе (тұтынушылық) – 11500 тг;
Майкөбе (сорт) – 12500 тг;
Жалын – 13500 тг;
Богатырь ұсақ – 9500 тг;
Кузнецкий – 12000 тг;
Шұбаркөл – 12000 тг.