Павлодар облысында агросекторға тартылған инвестиция көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында агросекторға тартылған инвестиция көлемі артты

14.11.2019

Павлодар облысында аграрлық салаға салынған инвестиция көлемі артып келеді. Былтыр бұл секторға 19 миллиард теңге инвестиция құйылса, биыл 10 айда ол көрсеткіш 46 миллиард теңгеден асқан.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында брифинг өткізген өңір басшысы Болат Бақауов айтты. Оның сөзінше, жыл соңына дейін аймақта 4 сүт фермасы ашылады. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады. 

Облыс басшысының айтуынша, өңірді дамытуға арналған жобалардың дені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қолға алынуда. Мәселен, алдағы 4 жылда 13 жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 5 мың жаңа жұмыс орны құрылады. 

Аманкелді Сейітхан  

Хабарламаларға жазылу