Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары жылусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары жылусыз отыр

14.11.2019

Ақтөбенің іргесіндегі Жаңақоныс-2 ауылында 100-ден аса отбасы жылуы жоқ үйде тұрып жатыр. Ауылға жарықтың өзі жуырда тартылған. Ал газды әкімдік өкілдері 1 қарашаға дейін өткізіп береміз деп сендірген. Дегенмен әлі күнге дейін ол уәделері орындалмады. Мұндағы халық амалсыз от жағып, электр пешін қосып, амалдап отыр.

Ауылда су мен жол мәселесі де өзекті. Қыста қалаға қатынау машақатқа айналады. Халық тіршілік нәрін алып отырған жалғыз құдық алдағы аяздарда қатып қалса, жағдай тіпті қиындамақ.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу