Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жалдамалы пәтер алуға жастар тарапынан 6304 өтінім келіп түсті. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері хабарлады. Құжаттарды қабылдау жұмыстары қарашаның 5-і мен 12-сі аралағында онлайн жүргізілген болатын. Талапқа сай, өтінім берушілер 29-ға толмаған, елордада екі жылдық тіркеуі бар, жалақысы 100 000 теңгеден асқан болуы қажет. «Мұндай шартқа сәйкес келмегендердің өтінімі автоматты түрде қабылданбайды», - дейді мамандар. Енді елордадағы 1050 пәтердің кімге бұйыратыны балдық есептік көрсеткішке байланысты болмақ. Жалдамалы пәтерлер жаңа жылға дейін табысталады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ