Қазақ ұлттық университеті болашақта зерттеу орталығына айналмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ұлттық университеті болашақта зерттеу орталығына айналмақ

13.11.2019

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады. Кездесу барысында Елбасы жоғары оқу орнын одан әрі дамытудың және халықаралық беделін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Алда білім ордасын зерттеу орталығына айналдыру мақсаты тұр. Сол себептен, Елбасы білім сапасы мен профессорлық-оқытушылық құрамды дайындау деңгейін арттыру қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, жатақханалар салу жөнінде тапсырма берілгенін де еске салды. Бұдан бөлек, Елбасына Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған шаралардың дайындығы жөнінде мәлімет берілді.  

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу