Израиль Газа секторына әуеден соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газа секторына әуеден соққы берді

13.11.2019

Осылайша аймақтағы жағдай қайта шиеленісіп барады. Бұған дейін еврей мемлекетінің армиясы палестиналық «Ислам жиһады» қозғалысының объектілерін бомбалағанда осы ұйым лидерлерінің бірі Баха Әбу әл-Атта мерт болды. Содан кейін Израиль аумағына Газадан 150-ден астам зымыран жіберілген. Қауіпке байланысты жүздеген мың израильдік жертөлелерге жасырынып, ондаған адамға медициналық көмек көрсетілді. 

Әл-Аттаны жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Ол қолбасшылық еткен «Ислам жиһады» Иранның қолдауына сүйеніп отыр. Бұл қозғалыстың штаб-пәтері Сирия астанасында орналасқан. 

Болжамдарға қарағанда, командирдің қазасынан кейін Таяу Шығыста шиеленіс тіпті күшеюі мүмкін. Израиль үкіметінің басшысы Биньямин Нетаньяху ұзақ жанжалға дайын екенін ескертті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу