Қазақстандықтар көбіне шетелдік әуе компанияларының ұшақтарымен ұшады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар көбіне шетелдік әуе компанияларының ұшақтарымен ұшады

19.01.2017
Қазақстандықтар шетелдік әуе компанияларының ұшақтарымен жиі ұшатын болды. Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, былтыр бұл көрсеткіш едәуір өскен.

2015 жылы шетелдік тасымалдаушылардың қызметін 1 мың 900 адам пайдаланса, былтыр 22 мың 600 адамға дейін жеткен. Өсім 12 есе. Нәтижесінде қазақстандықтарды тасымалдау арқылы шетелдік компаниялардың табысы 43,1 пайызға өсті.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу