Елордада 2 жұмысшы бесіктегі сәбиді өрттен құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 2 жұмысшы бесіктегі сәбиді өрттен құтқарып қалды

13.11.2019
Елордада 2 жұмысшы бесіктегі сәбиді өрттен құтқарып қалды

Елорда маңындағы саяжайдан өрт шығып, 2 бала зардап шекті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға 11 қарашада «Керамика» саяжайында болған. Өртенген үйде балалы отбасы тұрған. Өрт басталған кезде анасы үйде болмаған. Ол далаға шаруаларымен шығып кеткен кезде оның 2016 жылы туған ұлы сіріңкемен ойнаған. Нәтижесінде өрт шыққан. Анасы кірген кезде үйдің іші көк түтін болып, кіреберісте жатқан үлкен ұлын ғана далаға алып шығарған, үйге қайта кіре алмаған. 

Сол кезде жақын маңдағы кешеннің жұмысшылары көмекке келіп, жанып жатқан үйден бесікте жатқан 2019 жылы туған сәбиді алып шыққан.

Өрттің салдарынан сәбидің беті күйіп қалған, үлкен ұлы газдан уланған. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бесіктегі баланы құтқарған жұмысшылар ерлігі үшін медальмен марапатталмақ.

Хабарламаларға жазылу