Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолы 1 желтоқсанда қолданысқа беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолы 1 желтоқсанда қолданысқа беріледі

12.11.2019

Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолы 1 желтоқсан күні толықтай қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда Сәтбаев каналы арқылы өтетін көпірдің құрылысы ғана қалды. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатына келген «Қазавтожол» басшысы Ұлан Әліпов осылай деді.

Еліміз бойынша 7 ірі жоба жүзеге асып жатыр. Ол жолдардың сапасы жіті назарда. Жаһандық рейтингте 2017 жылы 114-ші орында болған. Биыл бұл көрсеткіш біршама жақсарып, қазір Қазақстан жолдары 93-ші орынға табан тіреді. Мамандардың айтуынша, Қазақстан жолдары ең арзан жолдар қатыранда екен. Мысалы, Жапон жолдарының әр шақырымы үшін тұтынушы 85 теңге төлесе, Францияда бұл сомма - 43 теңге. Ал отандық жолмен жүріп өткен жолаушы әр шақырымына 1 теңге төлейді.


Хабарламаларға жазылу