Иран Сыртқы істер министрі өзіне көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран Сыртқы істер министрі өзіне көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс айтты

12.11.2019

Мұхаммед Джавад Зариф Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Тараптар екі елдің арасындағы ынтымақтастықты сөз етіп, оны ілгерілету жолдарын, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Иранның Сыртқы істер министрі елордамызға «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін келген еді. Өз кезегінде Мұхаммед Джавад Зариф бұл алқалы жиынға жоғары бағасын беріп, қазақтардың қонақжайлығын ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана клуб халықаралық мәселелерді талқылау үшін таптырмас алаң екендігін және Ереванда Иран президенті Рухани мырзамен келіссөздер жүргізгендігін айтып, тағы бір мәрте кездесу өткізуге шақыратындығын жеткізді.

Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф Президентке және қазақ халқының қонақжайлығына ризашылығын білдірді.


Хабарламаларға жазылу