Алматыда алкогольді ішімдікті астыртын өндіретін цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда алкогольді ішімдікті астыртын өндіретін цех анықталды

12.11.2019

Алматыда алкогольдік өнімді астыртын шығарып, сатып келген цех анықталды. Тінту кезінде 4000 данадан астам жалған акциздік марка мен 1800 бөтелке спирттік өнім тәркіленді.

Алатау ауданында көлеңкелі кәсіппен айналысқан күдікті шығарған тауарларын қаланың шеткі аймақтарындағы шағын дүкендерге төмен бағамен сатып келген. Жалпы, қалада жыл басынан бері аталған факті бойынша 19 қылмыстық іс қозғалып, 14 астыртын цехтің жұмысы тоқтаған. Сонымен бірге, олардан 10 тоннадан астам спирт пен 30 мың спирттік өнімі бар дайын бөтелке алынған. Ал оңай олжаға кенелгісі келгендердің арзан арақ-шарапты тұрғындарға қанша уақыттан бері сатып жүргендігі әзірге белгісіз. Өйткені құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, барлық құрал-жабдық көптен бері жұмыс істеп тұрған.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу