Абайлаңыз, көктайғақ! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайлаңыз, көктайғақ!

12.11.2019
Абайлаңыз, көктайғақ!

Жыл сайын көптеген адам көктайғақтан зардап шегіп, түрлі зақымдармен травматологиялық пункттерде медициналық көмекке жүгінеді. Көктайғақ күндері қауіп жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де төнеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлім етті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Көктайғақ кезде жан-жағынызға назар аударып, абай жүріңіз. Есіңізде болсын:

  • Жылы аяқ киімді дұрыс таңдау қажет, табаны тайғанамайтын материалдан жасалғаны дұрыс;
  • Әйел адамдар биік өкшелі, яғни 5 см-ден биік аяқ киімдерді кимегені жөн;
  • Тайғақ жермен жүргенде телефонмен сөйлесуден, музыка тыңдаудан уақытша бас тартыңыз, ештеңеге алаңдамау керек;
  • Әр қадамыңызды аңдып басыңыз, тізелеріңіз бос және сәл бүгілген болу керек;
  • Қолыңызды қалтаға салып жүрмеңіз, себебі аяқ астынан тайып кетсеңіз, қолыңызды шығарып үлгермисіз;
  • Ғимараттардың төбесі бойындағы, балкондар астындағы жолдарды айналып өтіңіз, өйткені бұл орындарда мұз сүңгілері жиі құлайды;

Автокөлік жүргізушілері де көктайғақ күндері абай болуы, жылдамдығын бәсеңдетіп, ара қашықтықты да сақтау керек. Көктайғақ кезде тежеу жолы үш есе ұлғаяды. Сондықтан ұсынылатын қашықтық - араға екі көлік сиятындай болуы шарт. 

Егер мұз үстінде өз денеңізді өзіңіз басқара алмай қалсаңыз, бірден еңкейіп отыра қалыңыз. Бұл жағдайда жарақат алу ықтималдығы төмендейді. Сондай-ақ, шынтақ буындарын бүйіріңізге басыңыз, басыңызды иықтарыңызға тартыңыз, ал арқаңызды жазыңыз. Бұлшықеттерді барынша босатып, бүйірлеп құлауға тырысыңыз. Ал құлаған кезде қолдарыңызды алға қарай созбаңыз.

Егер сіз жаяу жүргіншінің мұзда тайғанап, құлағанын көрсеңіз, уақыт жоғалтпай жедел жәрдем шақырыңыз немесе зардап шегушіні жақындағы травматологиялық пунктке жеткізіңіз.

Жол-көлік оқиғасы кезінде жедел жәрдем келгенше зардап шегушіні орнынан қозғап, тасымалдауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Егер қол-аяғы жарақаттанған болса, оның қозғалмайтындығын қамтамасыз етіңіз, суықты басыңыз.

Хабарламаларға жазылу