Қазақстан мұнайы Беларусь нарығына шығуы мүмкін. Қазір осыған байланысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзірге Беларусь мемлекетіне мұнай тасымалдайтын бір ғана Ресей, жылына 18 миллион тонна қара алтын жеткізіп отыр. Дегенмен, Қазақстан мен Беларусь Үкіметі ауыл шаруашылығы техникаларын бірлесіп құрастырып қана қоймай, айти, көші-қон саласында әріптестікті арттырмақ.
Беларусь сарапшылары: «Егер Еуроодақ келісімдері арқылы жүзеге асқанын күтсек, онда 2025 жылға дейін созылып кетуі мүмін»,- дейді. Ал ең басты мақсат алыс-берісті көбейту. Жалпы өткен жылы сауда айналымы 896 миллион доллар болған.
Соңғы бизнес форумда 75 миллион долларға, кейін тағы 40 миллион доллар тұратын келісім-шартқа қол қойылды. Соған орай бірлескен кәсіпорындардың саны артады, машина жасау, фитосанитария, ғылым, білім, мәдениет салаларында да әріптестіктің қарқыны күшейеді.
Индира БЕГАЙДАР