Бүгін елордада жыл сайын дәстүрге айналған «Астана клубының» отырысы басталды. Халықаралық пікірталас алаңының V басқосуында халықаралық сарапшылар тәуекелдер рейтингісін жариялады.
Сын-қатерлер қатарына сауда соғысы, АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы, жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі, технологиялық үстемдіктің үдеуі, экономикалық құлдырау сынды проблемалар енген. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған саясаткер, сарапшылар ғаламдық проблемаларды ортаға салып, оны шешу жолдарын талқылады.
Әсима Нұрбайқызы