Жастар жұмыссыз жүрмеуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар жұмыссыз жүрмеуі тиіс

11.11.2019

Жас мамандар жұмыссыз жүрмеулері керек. Себебі заманның ағымымен барлық сала күн сайын дамып келеді. Алматылық сарапшылар осы мәселені ортаға салып, шешу тетіктерін ұсынды.

Олардың айтуынша, қазір Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында өзге елдермен интеграциялық байланысты арттырып келеді. Сондықтан заманға сай технологияны меңгерген жас мамандар қаржы саласына ауадай қажет. Бастысы, кадрларды ортақ еңбек нарығына бейімдеу шарт. Ал ірі кәсіпкерлер жоғары оқу орындарын жыл сайын бітіретін мықты кадрларды күтеді. Осыған қатысты ғалымдар жастармен маңызды тақырыптарды талқылап, біліктілікті арттыруға ден қоюда.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу