Алматыда отбасы институтын күшейтіп, құндылықтарды сақтауға байланысты «Өнеге» форумы өтті. Жиынға білікті психологтар мен аймақтардағы қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған шарада тұрмыстық зорлық-зомбылықтар мен ажырасу деректерін азайту сияқты өзге де өзекті тақырыптарды білікті мамандар талқылады. Ал оның қандай шешімдері бар екендігін психологтар ортаға салып, ой бөлісті. Сонымен бірге жас отбасылардың жарты жолдан ажырасуына тосқауыл қою туралы мәселелерді де пысықтады.
Бауыржан Жақсымбет