Талантты жастар қолдаусыз қалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талантты жастар қолдаусыз қалмайды

10.11.2019

Талантты жастар қолдаусыз қалмайды. Ақтөбеде алғаш рет дарынды, жастарды қолдауға арналған Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының марафоны өтті. Бұл - жастардың қатысуымен өтетін көп шараның бірі емес. «Алдағы уақытта әр салада табысты еңбек етіп жүрген жас мамандарды барынша қолдаймыз»,- дейді ұйымдастырушылар. Форумға Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарынан үш мыңға жуық белсенді жас қатысты. Қазір елімізде 100-ден астам мамандандырылған мектептер мен білім беру орталықтары жұмыс істейді. Тек биылдың өзінде мыңнан астам бала халықаралық байқаулар мен олимпиадаларда топ жарған. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевтің сөзінше, өзінің де, елдің де мерейін асырып жүрген жастарды мемлекет барынша қолдайды. Әсіресе ауыл жастарына зор көңіл бөлінеді. Жыл сайын интеллектуалдық турнирлер ұйымдастырылып, мыңдаған баланы іріктеу көзделіп отыр. Балалардың әлеуетін анықтап, олимпиада жеңімпаздары мен үлгілі жастарды қаржылай қолдау жоспарда бар.

Хабарламаларға жазылу