Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыда бір-біріне сыйлық жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыда бір-біріне сыйлық жасады

08.11.2019

Ресми диалог бейресми байланыспен бекітілді. Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыдағы ынтымақтастық форумынан соң бір-біріне сыйлық жасады. Қазақ басшысы ресейлік әріптесіне халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай шығарылған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын тарту етті. Ал Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат табыстады.

Қазақ басшысына деген ерекше құрметті Владимир Путин әуежайда тағы бір мәрте көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаевты ұшағына дейін өзі шығарып салды. Бұл ишараттан қос ел басшылары әріптестікті әртүрлі деңгейде одан әрі нығайтуға мүдделі екенін аңғаруға болады.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу