Көкшетауда 80 оқушы денсаулығына шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 80 оқушы денсаулығына шағымданды

08.11.2019

Көкшетауда, № 2-інші мектеп-лицейінде оқитын 80 оқушы сабаққа келмеді. Олар өздерін жайсыз сезінген. Балалардың басы айналып, құсып, іштері ауырған. Олар белгісіз инфекция жұқтыруы ықтимал. Асханадағы тамақтан ұшынуы мүмкін деген болжам қарастырылуда. Дәрігерге бір оқушы ғана жүгінген. Тексере келгенде сабаққа 115 оқушының келмегені анықталды. Оның ішінде шамамен 80 бала денсаулығына шағымданған. Қазіргі уақытта мамандар тексеріс жүргізіп жатыр. Мектеп басшылығы балалардың жағдайы жақсы деп мәлімдеді.

 Гүлнәр Әбдіқасымова, Қалалық №2 мектеп-лицейінің директоры:

Балалардың мектеп асханасындағы тамақтан ұшынуы екіталай деп ойлаймын. Себебі денсаулығына шағымданған оқушылардың 15-і асханада тамақтанбаған. Кеше ас ішкен өзге балалардың жағдайы жақсы ғой. Сондықтан ауа арқылы таралатын басқа инфекция болу мүмкін деген пікірдемін. Қазір мамандар тексеріс жүргізіп жатыр. Соның нәтижесін күтеміз.

Серік Омарханов, Ақмола облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Аймақтық басқарма тарапынан кезектен тыс тексеріс тағайындалды. Зертхана мамандары жұмылдырылды. Судың, асханадағы тамақтың сынамалары алынды. Тексеріс бүгін де жалғасуда. Қорытындысын келесі аптада белгілі болады.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу