Қазақстан мен Ресейдің Президенттері Омбыдағы «Эрмитаж-Сібір» мұражайын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің Президенттері Омбыдағы «Эрмитаж-Сібір» мұражайын аралады

08.11.2019

Дәстүрлі шараны қорытындылаған екі ел Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыдағы «Эрмитаж-Сібір» мұражайын аралап шықты. Ұзақ жылдар бойы жөндеу жасалған мұражай заман талабына сай жаңғыртылған. Мәртебелі меймандар мәдени орталықтағы құнды дүниелермен танысты. Мұражайдың аумағы 4,5 мың шаршы метр. Мұнда мемлекеттік мұражайдан арнайы коллекциялар алыныпты. Бұл жолғы көрме экспозициялары қару-жарақ тақырыбына арналған.  

Хабарламаларға жазылу