Жол бойындағы жемқорлыққа тосқауыл қойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол бойындағы жемқорлыққа тосқауыл қойылмақ

07.11.2019

Ауыр жүк тасымалдайтын көліктердің осіне түсетін салмақты инспекторлар емес, автоматтандырылған құрылғы атқарады. Аталған жаңашылдық жол бойындағы жемқорлықты азайтады деген болжам бар. Құрылғы келер жылдың көктемінен бастап елорда іргесіндегі Талапкер елді мекенінде іске қосылмақ.  

Биылдан бастап көлік комитетіне халықаралық, қалааралық және республика ішіндегі жолаушылардың багажын бақылау құзыреті берілген. Комитет жүргізушілердің еңбегі мен демалысын қадағаламақ. Ал көліктегі қауіпсіздік мәселесімен көшпелі бекеттер айналысады. Яғни, жемқорлық жағдайы кездесу ықтималдығы жоғары салалардың бәрі автоматтандырылады. 

Данияр Қоспабаев, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары:

Бізде жемқорлыққа қатысты негізгі проблемалар салмақ өлшеуді бақылау барысында туындайды. Сол себептен жүк көліктерінің салмағын өлшеу процедурасының саласын біз автоматтандырғалы отырмыз. Яғни, оларды өлшей алатын автоматты жүйелер орнатылады. Демек, бұл ретте инспектор тексеру ісіне араласа алмайды.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу