Қазақстандық студенттер Еуропарламент ғимаратын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық студенттер Еуропарламент ғимаратын аралады

07.11.2019

Еуропалық парламент депутаты Бельгияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерді қонаққа шақырды. Еуропарламенттің Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының жетекшісі, еуродепутат Фульвио Мартушелло қазақ жастарын алдымен өз үйінде күтіп, одан соң Еуропарламент ғимаратына саяхат ұйымдастырды.

Студенттер парламент отырыстары, мәртебелі жиындар өтетін залдарды аралап, кітапхананың жұмысымен танысты. Содан соң депуттармен кездесіп, Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасында саясат, экономика, білім-ғылым, мәдениет салаларында ынтымақты арттыруға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Жастар Еуропаның қоршаған ортаны қорғау, жасыл энергияны дамытуға қатысты тың тәжірибесін игеруге құлықты. Еуродепуттар да Қазақстанмен барлық салада достықты бекемдеуге бейім. 

Никлас Ниенасс, Еуродепутат, еуропарламенттің Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының мүшесі:

Орталық Азия - біз үшін өте маңызды әрі қызық аймақ. Аймақтағы ахуалды жақсартып, Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы достықты күшейтуге үлесімді қосқым келіп, осы делегацияның құрамына қуана қосылдым. Жақында Сіздердің елшілеріңіз маған Қазақстанның керемет жерлері бейнеленген бірнеше сурет көрсетті. Сол ғажап табиғатты өз көзіммен көру үшін елдеріңізге сапарлаймын. Негізі осындай екіжақты кездесулер бәріміз үшін де байланысты бекемдеуге маңызды қадам.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу