Қарағандыдағы айналма жолда көктайғақтың салдарынан бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан бір автокөлік өртке оранды. Ал жоғалып кеткен адамдарды тікұшақ көмегімен іздеуге тура келді. Өңірде осындай сценариймен өрбіген «Қыс-2019» штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Қарағандылық құтқарушылар бұл берілген тапсырмаларды 15 минут ішінде орындады. Олар әп-сәтте жанған көлікті сөндіріп, ішіндегі адамдарды алып шықты. Бұл кезде сайын далада жоғалғандарды тікұшақпен және жол талғамайтын көліктермен іздеу жұмыстары қатар жүріп жатты. Мұндай оқыс жағдайларда облыс бойынша шұғыл құтқару шараларына жұмылдыру мақсатында 3 мың адам және 1200 техника жасақталған. Өңірдегі жыл сайын қар қалың алатын 600 жол аумақтарында күшейтілген бақылау қойылған. Айта кету керек, күн суытқалы төтенше жағдай қызметкерлері 150 адамды құтқарып, жолда қалған 18 автокөлікті шығарған.
Ибрагим Күлшімбаев, облыстық ТЖД басшысы:
Біраз техникаларымызды жаңартып алдық. Жол талғамайтын көліктер бар. Тікұшақтар тәуліктік кезекшілік атқарады. Одан да басқа әртүрлі арнайы техникаларымыз бар.
Руслан Нұрланұлы