Елімізде тұңғыш рет туризмді дамытуға бағытталған радиотрансляция Таразда іске қосылды. Енді көне шаһарға келген меймандарға өңірдің туристік әлеуеті туралы ақпар әуе толқыны арқылы таратылады. Инновациялық жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Туристік ақпараттық аудиороликтер 88.8 FM радиотолқыны арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде трансляцияланады. Осы арқылы туристер негізгі тарихи-мәдени нысандар, қонақүйлер, шипажайлар мен тамақтанатын орындар туралы қажетті мәліметтерді біле алады. Әуе толқындарының таралу аумағы 7 шақырымды құрайды.
Қарлығаш Аралбекова, облыстық туризм басқармасының басшысы:
Алматы қаласы және Шымкент қаласынан кіреберіс қақпаларда орналасқан радиотолқындар. Туризм туралы жақсы ақпарат берілетін болады. Сондықтан да бұл жоба ұзақмерзімді. Біз келесі жылы бұл жобаны әрі қарай масштабын көбейтуге тырысамыз.
Сәбит Әлдебай