Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

06.11.2019

Бүгін Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы іс-шаралар басталды. Атап айтқанда, «Жоғары технологиялар: Аймақтардың мүмкіндігі» атты көрме ашылды және белсенді жастардың форумы өтті.

Ербол Мәндібек, тілші:

XVI Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы 6-7 қараша күндеріне жоспарланған. Екі ел президенттерінің қатысуымен өтетін бұл форум әр жылда әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылады. Мәселен, былтыр Петропавлдағы форумда туризм тақырыбы талқыланса, биыл «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» жан-жақты пысықталмақ. Сәйкесінше, осы Омбыдағы форумға шекаралас облыстардың басшылары келіп өзара қарым-қатынасты дамыту бойынша нақты келісімдер жасамақ. Қай облыс қандай уағдаластық жасайтыны ертең белгілі болады. Ал бүгін Қазақстан мен Ресейдің маңдайалды кәсіпорындары, шағын және орта бизнес өкілдері көрме алаңында бас қосты.

Әлібек Шәріпов, ауыл шаруашылығы компаниясының директоры:

Бұл форумда жастар мәселесіне да айрықша көңіл бөлінген. Осы мақсатта екі елдің белсенді жастары, үкіметтік ұйым өкілдері шақырылған. Қазақстанның барлық облысынан 50-ден астам белсенді келіп, өз ойларын ортаға салуда. Ресей тарапы Қазақстанның тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытуда. Атап айтсақ, біздің елде жүйелі түрде жүзеге асып жатқан «Дипломмен ауылға», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларын тәптіштеп сұрап, аймақтық деңгейдегі іске асыруға ниетті.

Мадияр Қожахмет, ҚР АҚДМ Жастар саясаты және отбасы істері комитетінің төрағасы:

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтасты форумы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бүгінде барлық шекаралас облыстардың арасында тұрақты экономикалық байланыс орнаған. Соның бір дәлелі ретінде екі ел арасындағы тауар айналымының өсімін айтуға болады. Мысалы былтыр оның көлемі 17 миллиард АҚШ долларынан асса, биылғы жарты жылдықтың өзінде 11 миллиард долларды құраған. Яғни сауда-саттықтың өсімі бар. Ең бастысы Қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына экспортталуы еселене түскен, және оны дамытуға кедергі жоқ. Бұл мәселе ертең Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуінде жан-жақты талқыланады. Бірнеше маңызды келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Ол жөнінде алдағы хабарларымызда баяндаймыз.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу