Бүгін Тайландтың оңтүстігінде сепаратистік көтерілісші топ қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасап, 15 адамды мерт қылды. Құрбандардың ішінде полицейлер мен ауылдарын қорғауға шыққан еріктілер бар.
Яла, Паттани, Наративат провинцияларындағы мұсылмандар 2004 жылдан бері көтерілістер ұйымдастырып келеді. Содан бергі қақтығыстардан бұл аймақта 7 мыңға жуық адам қаза тапқан.
Елдің оңтүстігінде өткен ғасырдың басында тәуелсіз сұлтанат болды. Оны солтүстіктегі буддистік Тайланд осыдан 110 жыл бұрын басып алды.
Арыстан Рысбек